Өзін-өзі басқару ұйымының есебі » Рахат орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Рахат орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Өзін-өзі басқару ұйымының есебі
29
октябрь
2022

Өзін-өзі басқару ұйымының есебі

2022 жылдың 28 қыркүйек күні «Мектеп парламент» президентін және «Жас Ұлан» , «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын ұлықтауға арналған салттанатты жиын өткізілді. Сонымен қатар  бағыттар бойынша ұйым басшылары  жинаған дауыстарына қарай  өз лауазымдарына тағайындалды.

  1. «Мектеп парламент» президенті-  Азаматқызы Балауса
  2. Жас ұлан», «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы –Юсупова Паллы
  3. Премьер министрі- Әли Дәулет
  4. Құқық және тәртіп министрі-Джалимбетов Айбек
  5. Ақпарат министрі –Даутова Мариям
  6. Спорт және салауатты өмір салты министрі- Пидаев Нияз
  7. Бақыт министрі – Курбанова Махинур
  8. Қайырымдылық министрі- Саухимбек Ақерке
  9. Дебат қозғалыс министрі – Бақтығалиқызы Аяжан
  10. Экология және еңбек министрі – Сабирбай Айжұлдыз
  11. Мәдениет және өнер министрі–Батырханқызы Жаңылсын
  12. Мәдениет және өнер министрі–Бақберген Бекзат 

        «Рахат орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  2022 жылдың 28 қыркүйек күні «Жас жүрек-жас толқын» атты «Мектеп парламент» президентін және «Жас ұлан», «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын ұлықтау рәсіміне арналған салтанатты жиын өткізілді.

Сайлау нәтижесінде «Мектеп парламент» президенті  9а сынып оқушысы Азаматқызы Балауса , «Жас ұлан», «Жас қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы 8ә сынып оқушысы  Юсупова Паллы жоғары пайыз көрсетті. 

«Мектеп парламент» президентін, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшісін  және «Жас ұлан», «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын ұлықтау және ұйым мүшелеріне тағайындалған лауазым бойынша рәсім өткізілді.


2022 жылдың 29 қыркүйегінде " Мектеп парламент" президенті  Азаматқызы Балауса, "Адал ұрпақ"  ерікті мектеп клубының жетекшісі  Турсунмахаметова Наиля,  " Жас ұлан, Жас қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы Юсупова Паллы және ұйым мүшелерімен 30 қыркүйек "Дублёр" куніне орай кіші педагогикалық кеңес өткізілді, бейнебаян жасалып мектептің әлеуметтік желілеріне жарияланды.

30.09.2022 жылы «Дублер» күніне байланысты «Мектеп парламент» президенті және өзін-өзі басқару ұйымы «Ұстаздың аты –мәңгілік» атты іс-шараны толықтай өз қолдарына алды.   Осы күні өтілетін сабақ кестесі құрылып, белсенді оқушылар ұстаздардың сабақтарын жүргізді. 

Өзін-өзі басқару ұйымы өз жұмыстарын жауапкершілікпен жүргізді.  Оқушылардың сабаққа қатысуын, тәртіптерін толықтай қадағалады.

2022 жылдың 20 қазан күні 25—қазан Республика күніне байланысты " Экология және еңбек" тақырыбында өзін-өзі басқару ұйымымен еңбек фрақциясының акциясын өткізу негізінде мектеп ауласын тазалау және мектепті гүлдендіру мақсатында бейнебаян түсірілді. Бұл акцияның мақсаты оқушыларды  еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру,табиғатты қорғай білуге және  аялауға тәрбиелеу.

2022 жылдың 20 қазан күні 25—қазан Республика күніне байланысты мектеп парлменті мен өзін-өзі басқару ұйымының құттықтауы. 

Алатаудай салмақ тұр иығыңда,

Аз емес қой ыстығың, суығың да.

Алтын толы қазақтың қара жері,

Қалдың-ау сен талайдың көз қиығында.

21.10.2022 ж күні мектеп директоры А.Н Кожакова, мектеп ұжымы және оқушыларымен республика күніне орай жаппай мемлекеттік гимні орындалды.

Ата баба мұртаы орындалып,

«Қазақстан» құжаты қолында нық.

Келер күнге құшағым айқара ашық,

Қаймықпадық, қайтпадық, қорынбадық.

Көгілдір Ту шырқау шың шаңырағым,

Әлдилеп тұр әуелеп Әнұраным.

Босағада талай бір боздап қалған.

Төрге шықты Елтаңбам, Әнұраным.

2022 жылдың 26 қазан күні "Күзгі жәрмеңке—2022" тақырыбында күзгі жәрмеңке болып өтті. Күзгі жәрмеңкені өткізудегі мақсат- оқушылардың табиғаттың  күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы білімдерін кеңейту, табиғаттың сыйын өз көздерімен көріп, дəмін татып, күз байлығын, əсемдікті сезіне білуге,   адамдардың еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Күзде дастарханымыз дəнді -дақыл, жеміс -жидек, көкөністерге толы болатынын, оның барлығы еңбекпен, маңдай термен келетінін оқушыларға түсіндіру. 

  Осындай іс -шараға белсене қатысқан 5-7сыныптың ата -аналарына және оқушыларына үлкен алғыс білдіреміз.


2022 жылдың 28 қазан күні   мектебімізде   «Алтын күз—2022» байқауы өткізілді. 

Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы мен зор байлықтары туралы толық түсіндіру. Әр мезгілдің өз қызығы мен сәні бар екенін ұғындыру. Күз айларының халыққа молшылық алып келетінін, қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Балаларды бір – біріне сыйластықты,   ауызбіршілікті болуға шақыру. Өнерге деген қызығушылықтарын ояту және сөз қорларын байыту. Сонымен қатар қатысушыларды марапаттап,  қолдау көрсеткен ата-аналарына  алғыс айтылды.