2022-2023 оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының есебі » Рахат орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Рахат орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының есебі
01
июнь
2023

2022-2023 оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының есебі

       2015-2016 жылғы КРБҒМ жалпы білім беру ұйымдарында оқушыларды тәрбиелеу тұжырымдамасы негізінде тәрбие жұмыстарының жоспары бекітілген.Оқушының дүниетанымдық  қабілетін қалыптастыру және дамыту арқылы оқу мен тәрбие жұмысында жаңашыл іс-әрекетпен шығармашыл тұлға тәрбиелеу мақсатында 8- бағыт бойынша жұмыстар жүргізіледі. Тәрбие үдерісі –бұл тұлғаның тәрбиелік деңгейі,ол оқушының қоршаған әлеуметтік ортамен және жалпы қоғаммен әрекеттестікке дайындығымен сипатталады.Осы дайындықты анықтау мен айқындау үшін диагностика –оқушының даму үдерісі мен нәтижелеріне талдау  жүргіземіз.Ұрпағымызды парасатты да білікті мәдениетті білімді етіп тәрбиелеу мақсатында сынып жетекшілер оқушының тәрбиелік деңгейін бақылайды.
       01.09.2022 жылы «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі»ММ  «Рахат орта мектебі» КММ 1 – қыркүйек білім күніне арналған  «Терең білім,еңбекқорлық және отаншылдық» тақырыбына  арналған салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиын сағат 9:00 де ашық алаңда өтті. Ортада 1-сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндер жүрек жарды өлеңдерін арнады .11-сынып оқушылары 1-сынып оқушыларына сәттілік тілей келе сыйлықтарын табыстады

    Сонымен қатар 1-қыркүйек білім күніне арналған  «Терең білім,еңбекқорлық және отаншылдық»тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді
     Сонымен қатар рахат орта мектебінде 8-11 сыныптар арасында  Қазақстан Республикасы ІІМ Оңтүстік өңірлік ӘТБ-нің аса маңызды жөніндегі аға тергеушісі Әділет аға лейтенанты Тағаев Серіжан Тәңірбергенұлы «Құқық бұзушылық пен қылмыстың, суицидтік жағдайлардың алдын-алу және болдырмау» тақырыбында   дәріс өткізіп, профилактикалық жұмыстар жүргізді
    Рахат орта мектебінде жүргізілген 1 қыркүйек Білім күніне арналған іс-шарада оқушылардың өмір қауіпсіздігін қадағалау мақсатында участкелік инспектор полициясы Есік қаласы лейтенант полициясы Омаров Омирбек Кайратұлы профилактикалық жұмыстар жүргізіп таңғы 07:30 дан 10:30 дейін кезекшілік атқарды
«16» қыркүйек  2022ж
Қатысқандар: ата-аналар, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер
Күн тәртібінде
2022-2023 оқу жылына Жалпы мектепішілік атаналар комитетінің төрағасын сайлау.
 «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы.
Жалпыға міндетті білім беру қорынан киім,ыстық тамақ туралы.
Мектеп ережесімен таныстыру.
 «Әкелер мектебін»құру және мүшелерін сайлау.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
1.Ата-аналарды мектеп директоры А.Н.Кожакова күн тәртібіндегі қаралатын мәселелермен таныстырды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.А.Кумпейсова аталған  мәселе бойынша сөз алды, ата-аналар сөз алып,ата-аналар комитетінің төрағасы А.Абитованың қазіргі уақытқа дейін өзіне жүктелген жұмыстарды жауапкершілікпен орындап келгені туралы  айтты. Алдағы оқу жылында да   А.Абитова өз жұмысын жалғастыруын  ұсынып,дауысқа салды. Қатысушылар бір ауыздан А.Абитованы ата-аналар комитетінің төрағасы болуға ұсынды. 
2 мәселе бойынша сөз алған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.А.Кумпейсова тамыз-қыркүйек айларында «Мектепке жол» республикалық   қайырымдылық акциясы жүргізілді.Акция аясында ауылымыздың имамы және мұғалімдердің демеушілігімен тұрмыс жағдайы төмен,жалғыз ана,жалғыз әке тәрбиесіндегі, көп балалы және төтенше жағдайға тап болған отбасы балаларына мектеп формасы, спорттық аяқ киім, куртка,оқушы құрал жабдықтары берілді.Тамыз айында жалпы көмек алған оқушы сан-35. Барлығы : 544000 теңге.Қыркүйек айында жалпы көмек алған оқушы саны-13 Барлығы : 128600 теңге. Барлығы : 672600т.
3 мәселе бойынша сөз алған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.А.Кумпейсова білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптармен бірге мектептің ішкі тәртіп ережелерімен толықтай таныстырды.
4 мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.А.Кумпейсова өз сөзінде Әкелер кеңесін құрудағы негізгі мақсат бала тәрбиесіне деген әкелердің көзқарастарын кеңейту,ұстаз,оқушы, ата-ана өзара қарым қатынастарын жақсарту бала тәрбиесіндегі  отбасы өнегесін ,әкелер мен ер-азаматтардың мәртебесін нығайту,отбасында  және қоғамда әкенің рөлін биіктету.Мектеп өміріне әкелерді тарта отырып,байланысты нығайту,белсенділігін арттыру.
5 мәселе бойынша сөз алған мектеп директоры А.Н.Кожакова сыбайлас жемқорлыққа қарсы ата-аналардан ақшалай қаражат жинауға,сыйлық алуға қатаң тиым салынатынын айтты. 

Ата-аналар комитетінің отырысы «16» қыркүйек   2022 жыл

«Заманның заңғар жазушысы-Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл»толуына орай мектебімізде ауқымды тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.Қазақ әдебиетінің тарланы Мұхтар Әуезов туралы Д.Әбілев « Мың жылдар өшпес өрнек,Айғақ тұлға,Кең мінез,кең даламдай Байтақ тұлға»деп айтқандай,барша қазаққа ортақ мерейтой біздің мектепте де кеңінен дәріптелді.
 Мақсаты : оқушылардың бойында сөз зергерінің қазақ халқына сіңірген ерен еңбегін дәріптеу,ұлттық нақышта сөйлеу дағдыларын дамыту,бейне,көріністерді сомдай білуге үйрету,жазушының тұлғалық еңбегінен өнеге алуға тәрбиелеу.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Л.М.Молдасинова мен Д.Бекқожаеваның дайындауымен Абайдың кәусар жырларының сусындап өскен жазушының өмірі жайында  6-7 сынып оқушылары маржан сөздерді зерделеді.8-9 сынып оқушылары өмірі ән,жырмен, яғни ұлттық нақышта би билесе,Абайдың өлеңдеріне жазылған әндерді нақышына келтіре орындаған Дәулетбек Ж,Батырханқызы Ж,Отунчи А сынды оқушылар сахна көркінің сәнін келтіріп, көрермендерді екрекше ықыласқа бөледі.Ал,10-11 сынып оқушылары Нұрбақыт Б және Бақтығали Ж бүкіл тәрбиелік шараның мән, мағынасын аша отырып,жүргізді. Сондай-ақ жазушының шығармалары бойынша 11-сынып оқушылары « Еңлік-Кебек» драмасы бойынша көрініс,10-сынып оқушылары   «Қараш-қараш»оқиғасы бойынша тартымды көрініс,6а-сынып оқушылары  «Жетім» әңгімесінің желісі бойынша көріністерін көрсетіп,кейіпкерлерді ойдағыдай сомдап,көрермендерді ерекше әсерге бөледі.Кеш соңында әкімшілік тарапынан,мектеп директоры А.Н Кожакова мен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.А  Кумпейсова ерекше ықыласпен рахмет айта отырып,Мұхтар Әуезов шығармашылығы оқушыларға мол әсерде өткізілгенін атап айтты


01.06.2023 жылы мектебімізде 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты «Балдәурен» жазғы көңілді алаң лагерьінің ашылуы және «Балалық шақ әлемі-қандай ғажап» атты 1-5 сыныптар арасында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Балалар көнілді ән салып би билеп өз өнерлерін ортаға салды.

Іс-шарамыздың екінші бөлімінде балалар «Бақытты бала-бақытты әлем» тақырыбында асфальтке сурет салды. Балалардың көңіл күйлерін көтеру мақсатында балмұздақ пен тәттілер таратылды.  Іс-шара соңында сыныптарды алғыс хатпен марапатталды.


01.06.2023 жылы мектебімізде 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар келген «Жаңа Қазақстан тірегі – жалынды жастар!» атты бітіруші түлектерге арналған  салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынға 1,4,9,11 сынптар қатыстырылды. Мектебіміздің директоры А.Н Кожакова оқу жылының аяқталуымен құттықтап жас түлектерге ізгі тілекпен ақ жол,сәт сапар тіледі. Іс-шарамызда өздерінің алғыстарымен 11-сынып оқушылары ортаға шығып әсем әндерімен, би және арнауларын барша ұстаздарға арнады.