2022-2023 оқу жылындағы Рахат орта мектебінің әдістемелік жұмысы туралы жылдық есебі » Рахат орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Рахат орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылындағы Рахат орта мектебінің әдістемелік жұмысы туралы жылдық есебі
31
май
2023

2022-2023 оқу жылындағы Рахат орта мектебінің әдістемелік жұмысы туралы жылдық есебі

     Рахат орта мектебінің әдістемелік жұмысы бойынша I тоқсанда бірқатар жұмыстар атқарылды. Биылғы оқу жылында мектебізде 68 мұғаліммен бастадық. Оның ішінде жоғары білімді 65, арнаулы орта білімді 2 мұғалім. Жаңа форматтағы біліктілік санаты бойынша 22 педагог-модератор, 20 педагог-сарапшы, 5 педагог-зерттеуші

Оқу жылының басында пән мұғалімдерінің сапалық құрамы жасалып, ауданға өткізілді есебі өткізілді.

      Оқу жылының басында педагогтарды әдістемелік нұсқау хатымен таныстырылды,әдістемелік  бірлестік жетекшілері тағайындалды,бірлестіктің жұмыс жоспары бекітілді.

       5-22 қыркүйек күндері аралығында тіл айлығы болып өтті. «Тіл – татулық тірегі» атты тақырыпта өткен тіл айлығының мақсаты: мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, оқушылардың туған халқының тілін қастерлейтін саналы да прасатты азамат етіп тәрбиелеу. Бастауыш сынып мұғалімдері Қазақстан Республикасында тұратын барша халық тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты. Мектеп кітапханашылары А.Байтұрсыновтың шығармашылығына арналған кітап көрмесін ұйымдастырды.

       Ағылшын тілі, орыс тілі, қазақ тілі пән мұғалімдері тілдер мерекесін өткізуге  белсене атсалысты.

     11 сыныптар бойынша биылғы оқу жылында 21 оқушы болды.Оның ішінде 18 оқушы ҰБТ-ға баруға өтініш білдірді.Ең алғашқы тест нәтижесінде ең жоғарғы балл 101- ең төменгі балл-27 құрап орта балл-57 болды.

     Қазан айының 3-13 күндері аралығында бастауыш сынып пән бірлестігінің  онкүндігі болып өтті. Онкүндіктің ашылуымен, жоспарын таныстыру мақсатында оқушылар жиыны өткізілді. Онкүндіктің барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өткізілді. Түрлі ашық сабақтар мен интеллектуалды сайыстар болып өтті. 

     Пәндер бойынша БЖБ жұмыстары жоспарға сай өткізілді. ТЖБ жұмысын алу бойынша арнайы кесте жасалып, жоспар бойынша алынып, талдауы жасалды.Әрбір пән мұғалімі өз пәндері бойынша тиісті БЖБ жұмыстарының тапсырмаларын әзірледі.

    ТЖБ бойынша аптасына бір сағат болатын пәндерден ТЖБ жұмысы алынбайды.Аптасына екі немесе одан көп болатын негізгі пәндерден тжб жұмысы жазылды.ТЖБ жұмысы да бір күнде 3 пәннен артық емес пән бойынша алынды.ТЖБ жұмыстарын жоспарға сәйкес 17-21 қазанн күндері жүргізілді.

           БЖБ,ТЖБ  жұмыстары жоспар бойынша алынып,әр пән мұғалімі сараптама жазып,қорытындысын жасады.      

           Мектебімізде бірқатар әдістемелік жұмыстар атқарылды. Бақылау басшылықтың жоспарына сәйкес әрбір пән бірлестігінің жұмыс папкалары зерделеніп, кеткен кемшіліктер түзетіліп реттелді. 

        Оқу жылының басында құрылған шығармашылық топ жұмысы бойынша I жартыжылдықтың есебі жасалды. Қараша айында мектепшілік пән олимпиадасы болып өтті. Пән мұғалімдері олимпиада материалдарын әзірлеп, жоғарғы дәрежеде жұмысты орындаған оқушыларды аудандық кезеңге ұсынып, дайындық жұмыстарын жүргізуде. 8 сыныптар арасында республикалық «Айқанат» олимпиадасына мектебімізден 3 оқушы тіркеліп, бірінші кезеңге барып келді. Ол оқушылар: Саухимбек Ақерке, Батарханқызы Жаңылсын, Жумахан Ақниет. Осы оқушылардан екінші кезеңге тек Жумахан Ақниет өтті. Енді екінші кезеңі алдымыздағы 3 тоқсанда өткізеіледі.

         23 қараша күні Аймен орта мектебінің базасында 5-6 сынып оқушылары арасында пәндік олимпиадалар өтті. Мектебіміздің 6 оқушысы Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, тарих, жаратылыстану пәндерінен тест тапсырып, бақтарын сынап қайтты. Бұл олимпиаданың да келесі кезеңі 3 тоқсанда өткізіледі деп жоспарланып отыр.

        2 тоқсан бойынша БЖБ, ТЖБ жұмыстары алынып, сараптама жасалды. 

        2 тоқсан бойынша пәндәік есеп жасалынып, ауданға есеп өткізілді.

    Рахат орта мектебінде ІІІ тоқсанда әдістемелік жұмыс бойынша бірқатар жұмыстар   атқарылды.

ІІІ тоқсан 16-26 қаңтар аралығында математика,информатика және физика пәндер бірлестігінің онкүндігімен басталды.

Онкүндік тақырыбы: «ӘЛЕМДІ БЕЙНЕЛЕГЕН НАҚТЫ ҒЫЛЫМДАР»

Мақсаты:Миф пәндерін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

  Онкүндік барысында жоспарлааанған барлық ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар толығымен өткізілді.Онкүндік жоғары деңгейде өтті деп бағаланды.

 «АЙҚАНАТ» республикалық олимпиадасына мектебімізден 3 оқушы қатысқан болатын.Бір оқушымыз Жұмахан Ақниет  келесі кезеңге өткен,енді келесі кезең наурыз айының 20-21 күндері өтеді.Пән мұғалімі Кәдірбай Ұлжан.

  Қаңтар   айындағы  ақылы тестқа 16 оқушы тіркелген болатын.сол оқушыларымыз 7 ақпан күні тест тапсырды.Ең жоғарғы балл-134 болса,ең төменгі балл-54 болды.Атын белгіге үміткер оқушымыз Жолдасова Гүлназ 122 балл алды.Аудан сұраған 3 көрсеткіштеде бір-бір оқушыдан оқушыларымыз шығып,жоғары деңгейде мектеп абыройын көтере білді.

          Жалпы орта балл 83 болды.

9-11 сыныптар арасында  пәндік олимпиадаға мектебімізден 10 оқушы қаатысты нәтижесінде химия пәнінен 11 сынып оқушысы Қасымбек Маржан ІІІ орынды иеленді.Пән мұғалімі Акимбаева Маншук.

Ағылшын тілі бойынша 10 сынып оқушысы Талғатқызы Арайлым І орынды иеленіп облыстық олимпиадаға барып келді.Пән мұғалімі Нахипова Шолпан.

7-8 сыныптар арасында Аймен орта мектебінде өткен олимпиадаға мектебімізден 10 оқушы қатысты. Олимпиада нәтижесінде 7 сынып оқушысы Әмірақын Іңкәр физика пәнінен ІІІ орынға ие болды.Пән мұғалімі Скакова Арай.Тарих пәнінен 7 сынып оқушысы Айтжан Айбол ІІІ орын алды.Пән мұғалімі Молдасанова Айгүл.

23 Ақпан күні «Оқу мақсатына жетудің тиімді жолдары» тақырыбында көркем еңбек және музыка пән мұғалімдеріне арңалған аудандық семинар болып өтті.Семинарға ауданымыздың 48 мектеп қатысты.Мектебіміздің пән мұғалімдері Дүйсенбиева Н.Т Молдахожаев Т.О Минал К Калгулов Б.К жоғары дәрежеде ашық сабақтарын өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Мектеп директоры Кожакова А.Н « LESSEN STUDY» -шеберханасы тақырыбында коучинг өткізді.

«Мектептегі театр» жобасының қатысушыларымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Ақпан айының 6-16 аралығында орыс тілі мен әдебиет бірлестігінің онкүндігі болып өтті.

Мақсаты;Оқушылардың орыс тіліне деген қызығушылығын арттыру.Оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдана отырып,жас ұрпаққа  сапалы білім,саналы тәрбие беру,бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Апталық салтанатты жиынымен ашылды.

3-7 сынып оқушыларының қатысуымен тақырып аясында өтті.Оқушылардың орыс тілінде еркін сөйлеу,ой қорыту,нәтижеге жету ,сыни тұрғыда ойлау,берілген тапсырманы диалог ,оқылым,сөздік арқылы шебер орындай алуы сүйсінтті.

Апталықтың жабылуы салтанатты жиынмен жабылды.Аталмыш шаралар оқушылардыф мемлекеттік тілмен қатар игеру арқылы туған жерімізді сүюге,бірлікке ,ел тарихын білуге,елімізді өркендетуші білімді ұрпақ болуға,таза сөйлеуге ,қоғамдағы үштілдік саясатының маңызын ұғуға,ұлтына,жеріне деген сүйіспеншілігінің артуына ықпал етті.Соңында директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.А.Кумпеисова онкүндіктің жоғары деңгейде өткеннімен құттықтай отырып ұйымдастырушыларға,белсене қатысқан оқушыларға алғыс білдірді.

Мұғаклімдердің аттестатциядан өтуіне байланысты мұғалімдер портфолиосы әзірленіп,ауданға өткізілді.Өтініш мбойынша мектебімізден 2 зерттеуші,5-сарапшы ,12 модераторға ұсыныс берілді.

3-4 сыныптар арасында математика пәні бойынша «Алтын сақа» олимпиадасына 2 оқушымыз Минал Іңкәр мен Бақтығалиұлы Қадір аудандық кезеңіне қатысып,4 сынып оқушысы Бақтығалиұлы Қадір І орынды иеленіп,облысқа жолдама алды.Пән мұғалімі Болай Жанбота.

2-12 наурыз күндері аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігі болып өтті.

Оқу  жылының аяқталуына байланысты мемлекеттік емтихан және қорытынды Аттестаттауға  дайындық шаралары жасалды.9-11 сыныптарда емтиханға дайындық кестесі,сынып емтихан бұрышы жасалынды.

9 сыныптарда 62 оқушының 61-і емтихан тапсырды,1 оқушы денсаулығына байланысты емтиханнан босатылды.

11 сыныптар  бойынша   23 оқушы толығымен қатысты.

2022-2023 оқу жылын 9 сыныптар бойынша 5 үздік аттестат иесі болса,11 сыныптар бойынша  Алтын белгіге 2 үміткеріміз де  өз деңгейінде ҰБТ балдарын алып,ақтап шықты.

ҰБТ-ге 18 оқушымыз қатысты.Нәтижесінде ең жоғарғы балл-124,ең төменгі балл -53 құрап,орта балл-79 көрсетті.