«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының есебі » Рахат орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Рахат орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының есебі
10
март
2023

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының есебі

"Алматы облысы білім басқармасының

 Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі"ММ

"Рахат орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жылдық жоспары бойынша есебі 


2022 жылдың қыркүйек айында «Адал ұрпақ» ерікті менктеп клубына 10- сынып оқушылары толықтай қабылданды,өтініштер алынды. Қабылданған оқушылар саны – 21. Клуб мүшелеріне «Адал ұрпақ» ұйымының  жылдық жоспары және ережелері туралы толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

17 қыркүйек күні «Мектеп парламент» президенті және «Жас Ұлан» , «Жас Қырын» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы болуға өтініштер берілді. 

22 қыркүйек күні сайлау өткізілді.

Сайлау комиссиясының мүшелері: 

1. ДТІЖО Панова Ж.М

2. Әлеуметтік педагог Хаким Ұ.Д

3. АӘТД мұғалімі Токсеитов Б.А

4. «Адал ұрпақ» ерікті клубының жетекшісі Турсунмахаметова Н

2022 жылдың 28 қыркүйек күні «Мектеп парламент» президентін және «Жас Ұлан» , «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын ұлықтауға арналған салттанатты жиын өткізілді. Сонымен қатар  бағыттар бойынша ұйым басшылары  жинаған дауыстарына қарай  өз лауазымдарына тағайындалды. Сайлау нәтижесінде «Мектеп парламент» президенті  9а сынып оқушысы Азаматқызы Балауса , «Жас ұлан», «Жас қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы 8ә сынып оқушысы  Юсупова Паллы жоғары пайыз көрсетті. 

Қыркүйек айында жоспар бойынша «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында сурет байқауы өткізілді, байқауға 5-6 сынып оқушылары белсене қатысты.

2022 жылдың 29 қыркүйегінде " Мектеп парламент" президенті  Азаматқызы Балауса, "Адал ұрпақ"  ерікті мектеп клубының жетекшісі  Турсунмахаметова Наиля,  " Жас ұлан, Жас қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы Юсупова Паллы және ұйым мүшелерімен 30 қыркүйек "Дублёр" куніне орай кіші педагогикалық кеңес өткізілді, бейнебаян жасалып мектептің әлеуметтік желілеріне жарияланды.


19.10.2022ж күні бастауыш сыныптар арасында мектепішілік Күз сыйы тақырыбында қолөнер байқауы өткізілді.Оқушылардың   қолөнер бұйымдарын жасауда табиғи материалдар мен жеміс-жидектерді,көкөністерді қолдануын эстетикалық талғамына сай бағаланып,мақтау қағаздарымен марапатталды.Байқаудың әділ өтуіне "Адал ұрпақ"  ерікті мектеп клубының жетекшісі  Турсунмахаметова Наиля да қатысты.


Қазан айының жоспарына сай «Сыбайлас жемқорлық – қауіпті індет» тақырыбында пікір сайыс өткізілді. Сайыста оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп,сыбайлас жемқорлықтың үлкен індет екендігіне көздері жетті.


2022 жылдың 28 қазан күні   мектебімізде   «Алтын күз—2022» байқауы өткізілді.Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы мен зор байлықтары туралы толық түсіндіру. Әр мезгілдің өз қызығы мен сәні бар екенін ұғындыру. Күз айларының халыққа молшылық алып келетінін, қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Балаларды бір – біріне сыйластықты,  ауызбіршілікті болуға шақыру. Өнерге деген қызығушылықтарын ояту және сөз қорларын байыту. Сонымен қатар қатысушыларды марапаттап,  қолдау көрсеткен ата-аналарына  алғыс айтылды.

Қараша айында жоспар бойынша «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: болашақта жемқолдықтың адам өміріне қоғамға тигізер зиянының көп екендігін түсіндіру. 

2022 жылдың 15 желтоқсан күні Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына арналған «Туы биік, тұғыры берік – Қазақ елі» және Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» «Жас Қыран» балалар мен жасөсіпірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыныны өткізілді.  Салтанатты жиында мектеп директоры, әкімшілігі және ұстаздар, өзін-өзі басқару ұйымы, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері   «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук байлау рәсіміне шақырылды.

23.12.2022 жылы  жаңа жыл мерекесі қарсаңында мектептің дәліздері ұстаздар, өзін-өзі басқару ұйымы мен «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубымен бірлесе безендірілді. Дәлізге шырша қойылды, терезеге жаңа жылдық  суреттер салынды.
 Безендіру мақсаты : Жаңа жыл мерекесі адамдарға  ерекше көңіл күй сыйлау болып табылады.

27,28,29-желтоқсан күндері  бекітілген кесте бойынша жаңа-жылдық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында кезекшіліктер атқарылып, балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Жаңа жылда өткізілген іс –шараға мектебіміздің ұстаздары, өзін-өзі басқару ұйымы мен “Адал ұрпақ” ерікті мектеп клубының мүшелері толығымен атсалысты.

Желтоқсан айында 1-жарты жылдық бойынша отырыс өткізіп, алдағы уақыттарға жоспарларымызды толықтырдық.

Ақпан айында «Меклекеттік қызмет-өмірлік ұстаным» тақырыбында мемлекеттік қызметкерлермен кездесу ұйымдастырылды.

Қазақстан ұлттық арнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізуші-редакторы, «Радио-дача» толқынының музыкалық жүргізушісі, «LOVE RADIO-ның» ресми қазақша дауысы, Қазақстан Республикасының ақпарат саласының үздігі Есенбай Берік Көшербекұлы және суретші зергер, зергерлік бұйымдардың дизайнері, «Нұрдос Зергерлігінің» негізін қалаушы, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, әлемдік көрмелер мен көрсетілімдердің қатысушысы, Сингапур, Париж, Амстердам, Лондон, Милан, Стокгольм, Стамбул, Каппадокия, Ташкент мемлекеттерінде жұмыстарының көрмесі өткен Алиаскаров Нурдос Әлмұратұлымен «Жетістікке жетудің жеті жолы» тақырыбында кездесу кеші өткізілді.

09.02.2023 жылы мектебімізде ақиық ақын - Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жыл толуына байланысты мектеп әкімшілігі, қазақ тілі мен әдебиет бірлестігінің жетекшілігімен «Жырлайды жүрек» атты поэзия кеші өткізілді. 

Кештің мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өміріне, поэзиясына, өлеңдеріне шолу жасай отырып болашақ жастарға үлгі ету. 

5-10 сыныптар арасынан шыққан өнерлі оқушылар ақынның өлеңдерін оқып, әндерін шырқап, би билеп өмірінен қысқаша көріністер көрсетті. Осы кешке арнайы келген Қайназар ауылының мәдениет үйінің ұжымы, өзін-өзі басқару ұйымы да өз үлестерін қосты. 

03.03.2023 ж күні 2-4 сынып қыздар  арасында  «Көктем аруы-2023»атты байқау өткізілді.

Байқаудың мақсаты :Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері имандылық пен  инабаттылық,ізеттілік,ісмерлік т.б негізінде тәрбиелеу.

Міндеттері: әр қыз баланы парасатты,жан-жақты білімді болуға,әсемдік,сұлулық,әлемін түсінуге тәрбиелеу.Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.

Қыздар өз өнерлерін ортаға салып,көрермендерді тәнті етті. Байқау жоғары деңгейде өтті.Жеңімпаз қыздарымыз жүлделі орындармен марапатталды.

07.03.2023ж күні оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру,мейірімділікке,сый-құрметке тәрбиелеу,ұлтқа тән қасиеттерді қалыптастыру мақсатында мектебімізде 9-11 сынып оқушылары мен адал ұрпақ және өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен мектепішілік 8-наурыз халықаралық аналар,әйелдер,қыздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Оқушылар аналар,қыздар жайлы көріністерін қойып,көрермендердің көңілін көтерді.Мереке соңында мектеп директоры қатысқан оқушыларға және ұйымдастырушы әріптестерге   жылы лебізін айта отырып,алғыс білдірді. Мерекелік іс-шара өте жоғары деңгейде өткізілді.


Әрбір өткізілген іс-шараға «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері толықтай ат салысып қатысады.