2022-2023 оқу жылында атқарылған психологиялық жұмыстың есебі » Рахат орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Рахат орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылында атқарылған психологиялық жұмыстың есебі
01
июль
2023

2022-2023 оқу жылында атқарылған психологиялық жұмыстың есебі

Қыркүйек айында   4-11 сынып оқушыларымен   «Қарым-қатынас социограммасы» әдісі бойынша зерттеу жүргізілді

Мақсаты: Сынып оқушыларының арасында лидер және шеттеліп қалған оқушыны анықтау .

Сауалнамаға  қатысқан оқушы саны: 386

Зерттеу барысы :Оқушыларға анкета үлестіріледі.

1.Кіммен бір партада отырғың келеді?

2.Кімді туған күніңе шақырғың келеді?

Сауалнамада ең көп таңдалған оқушылар сыныптың лидері болады.

Мүлдем таңдалмаған оқушылар шеттеліп қалған оқушы болып  анықталды .

Сауалнама нәтижесі:

Мектептің лидерлері:  51 оқушы

Шеттеліп қалғандар:   2 оқушы


1сынып оқушыларынан оқуға дайындық деңгейін анықтау мақсатында  жүргізілген әдістеме


             Жақсы 

           Орташа 

1

Дәулетбек Айсұлтан

Исмекс Жәнібек

2

Нұрлан Жанайым

Сұлтанәлі Айдос

3

Алшын Айдай

Сұлтанәлі Аймер

4

Алтай Азамат

Оңалхан Ардақ

5

Асқарқызы Ұлпан

Қаһарманова Мукадас

6

Амангелді Нуртай

Ирисматова Нармина

7

Мырзағали Нұрдаулет

Тұяқбай Айтөре

8

Керімбай Бөрте

Серік Әмірхан

9

Сағидолла Кәусар

Қаһарманов Райс

10

Джансайд Әмина

Алиев Сальдар


             Жақсы 

           Орташа 

1

Абухан Аружан

Болатхан Фатима

2

Дауленхан Меруерт

Илиев Рифат

3

Аметов Ибраһим

Олжабекова Алиша

4

Бегежан Мейіржан

Бейсова Зере

5

Анарғазы Ерлан

Зординов Шахмурат

6

Хайсат Сезім

Абдықадыр Інжу

7

Отынчи Диар

Бахыт Айнара

8

Бахыт Айнара

Адильжан Темірлан

9

Алмасұлы Абылай

Оңалхан Ардақ

10

Жұмахан Аялf


11

Сейсенбек Омараәлі


12

Ренатқызы Анель



«Н.Г.Лусканова» әдістемесі
 Мақсаты: Оқушылардың оқу мативациясын анықтау
 Бұл жерде жүргізілген зерттеу оқушының мектепке бейімделуінің
 үш деңгейін көрсетеді.
 Жоғары деңгей, орташа деңгей, төменгі деңгей
 Жоғары деңгейде – 18 оқушы
 Орташа деңгейде – 31 оқушы
 Төменгі деңгейде – 4 оқушы


Қазан айында  мектеп ата-анарымен «Бала бақыты бәрінен биік» атты семинар тренинг жүргізіліп,   ата-аналарына  оқушылардың  оқуға    дайындығын арттыру  және қобалжуын  басу мақсатында бейнеролик  көрсетіліп, ұсыныстар  айтылып, кеңестер берілді.

Мұғалімдермен «Қарым-қатынас жарасымдылығы» атты тренинг өткізілді.
 Бұл тренинг өткізу мақсаты: 
мұғалімдер арасында психологиялық ахуалды қалыптастыру және өзара қарым-қатынасты нығайту.

Оқушылардың мінез-құлық типін анықтау үшін 5 сынып оқушыларымен «Темперамент» тесті  әдістемесі  жүргізілді. Оқушылар толық қатысты.

                                                   Гистограммалық көрсеткіші:


Қазан айында  9-11 сынып оқушыларымен « Кәсіби бағдар берудің қажеттілігі » тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Өмірде біз таңдай алмайтын өте аз нәрсе бар екен. Оларға біз өмір сүріп отырған тарихи дәуір,біздің ата-аналарымыз,балалық шағымыздағы оқиғалар т.с.с. жатады. Ал қалғандары көбінесе біздің таңдауымызға байланысты болады екен. Осы таңдаулардың жауаптысы, біздің тағдырымызды анықтайтын мамандық таңдау болып табылады.

Қараша  айының 7-15 аралығында  5-11 сынып   оқушыларынан  «Өмір, мен сені сүйемін!»  тақырыбы бойынша   шығарма   алынды.

Мақсаты: Суицидтік мінез-құлық деңгейін анықтау және  өмірге деген көзқарасын білу.


Оқушылар өз жұмыстарында өмірді өте жоғары бағалайтындарын және өмірді сүйетіндіктері жайлы ауқымды да түсінікті етіп  жазған. Әрбір оқушының  өзіндік өмірі туралы керемет өлең жолдарымен де нақышына келтіріп жазған. Қорыта келе балалар бойынан ешқандай  қобалжу, мазасыздану анықталмады,жалпы балалардың өмірге деген құштарлықтары жоғары екені байқалды.

Қараша айында 11 сынып оқушыларының жылдамдық қабілеттерін зерттеу мақсатында «Эксперимент»жаттығуы жүргізілді. 

Орындалу шарты: Бұл жерде мәтін берілген, бір қарағанда ретсіз орналасқан әріптер жинағы. Осы сөздерді оқып дұрыс жазылуын көрсетуі ұсынылды.Берілген уақыт: 2 минут ішінде орындалу керек.Қорытынды: Тапсырманың дұрыс жазылуын уақытында орындаған оқушылар:

Нуридин Ақниет, Мустапаева Аяулым, Жолдасова Гульназ, Жумажан Аружан, Жумажанова Аяжан, Касымбек Маржан, Нұрғанатқызы Зере, Нусипжанова Алтынай.


Тақырыбы: «Зорлық –зомбылықтың  алдын-алу» жасырын сауалнама

Қатысушылар: 7-11 сынып оқушылары

Мақсаты:  Бопсалаушылықтың  және   әлімжеттілік  алдын  алу

Өткізілген уақыты:  Қазан айы

Нұсқау: Оқушыларға сұрақтар жазылған парақтар таратылып берілді.

Жасырын сауалнамада 6 сұрақ болды. Оқушылар берілген сұрақтарға  «Иә » немесе «Жоқ » жауаптарын белгілеу керек екендігі түсіндірілді.

Мектепте сізге әлімжеттік көрсетті ме? (ұрып-соғу,ақша тартып алу,заттарын тартып алу) деген сұрақ бойынша барлық оқушы  «ЖОҚ» деп жауап берді.

                                           Сауалнаманың гистограммалық көрсеткіші:


Қорытынды:   Оқушылардың берген жауаптары тексеріліп, мектепте әлімжеттіліктің  және   зорлық-зомбылықтың  болмағаны   анықталды. 

Мектеп алды   даярлық  тобының оқушыларының сабақтарына қатысып зерттеулер жүргізілді. Қаңтар айында  3- сынып оқушыларымен мағыналы сөздерді дамыту  анаграммасы»  алынды.Мақсаты:Бастауыш сынып оқушыларының ойлау процестерінің даму деңгейін анықтау және олардың интеллектуалдық қабілетін дамыту.Әдістеме қорытындысына келсек;  оқушы қатысып,оның 40ы жоғары деңгейді,оқушы орта деңгейді,  оқушы төмен көрсеткіш көрсетті. Төмен нәтиже көрсеткен оқушылармен қайтадан өздерінің деңгейіне қарай тапсырма алынды. 

  «Графикалық сандық тест» жүргізілді.

Сынып: 11 «А,Б»

Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлауының және интеллектуалдық қабілетінің даму деңгейін анықтап, оларды дамыту. Оқушыларға орындау ережесі таныстырылды.Әр оқушыға шеңберлер  орналасқан парақтар таратылып берілді.

11 «а»

Тапсырманы тез, әрі дұрыс орындап шыққан оқушылар:

1.Мустапаева Аяулым

2.Нуридин  Ақниет

Орташа деңгейде орындаған оқушылар:

1.Сырлыбаева   Аяулым

2.Ахмоллаева  Дильназ

3.Акбераджиева  Айнур

11 «б»

Нәтижесінде:

Тапсырманы тез, әрі дұрыс әрі уақытында өшірмей таза орындап шыққан оқушылар:

1. Жолдасова Гульназ

2. Жумажан Аружан

3. Жумажанова Аяжан

4. Касымбек Маржан

5. Нұрғанатқызы Зере

6. Хайрулла Айжан

Тапсырманы  аздап   ойланып ,өшіргіш қолданып, орташа  деңгейде орындаған оқушылар:

1.Садвакас Жасулан

2. Әлден Қарақат

3. Жумабай Дана

4. Куанышбеков Казбек

5. Нусипжанова Алтынай

6. Нұрбақыт Бақбол

7. Ганиев Юнус

8. Сарванова Зейнаб

9. Ганиев Расим  

10. Асланова Ильмина    

Тапсырма  парағын  жинап алған соң оқушыларға негізіндегі тапсырма шешуі көрсетілді. Әрбір оқушы өзініің қай жерде қандай қате жібергенін көріп,түзетті. 

Қаңтар айында 8-11сынып ата-аналарымен« Ербала тәрбиесі ертеңгі-сәтті отбасының кепілі » атты семинар тренинг жүргізілді.

Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір-біріне деген сезімді нығайту, баланың дамуына теріс ықпал ететін жолдардың алдын-алу, бала тәрбиелеу сапасының жоғарылауына ықпал ету және балалардың жанұяның мақтаны болуға, ел азаматы болып өсуге тәрбиелеу.


2023жылдың қаңтар айында 8-11 сынып оқушылары арасында өз-өзіне қол жұмсаудың психологиялық алдын-алу,оқушылардың жай күйін анықтау арқылы бағыт-бағдар беріп  түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тренингтер  ойнатылды.


Қаңтар айында 1 сынып оқушыларымен логикалық ойлауын дамыту мақсатында ойын жаттығулары жүргізілді. Логикалық ойын жаттығулар оқушылардың интеллектуалдық деңгейін көтеріп, дамуына мүмкіндік туғызды.

Қаңтар айынан бастап «Жанұя Отбасын қолдау орталығы» Қоғамдық қоры бойынша  8- сынып оқушыларынан  «Ресурс» тесті  алынды. Оқушылардан тест алынбас бұрын түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тест төрт бөлімнен тұрады.  Тестке 15 оқушы қатысты. 

Тест нәтижесі бойынша:13 оқушы  қалыпты жағдайда яғни жасыл және сары аймақта тұрғаны анықталды. Ал екі оқушы қызыл аймаққа ілінді. 

Осы екі оқушымен жұмыс жүргізу барысында берілген сұрақтарға немқұрайлылықпен  қарағандықтарын айтты. Қайта тест тапсыру  барысында оқушылар жақсы нәтиже көрсетті. 


Ақпан айында  «Мамандықты қалай таңдау керек ?» тақырыбында оқушыларға кеңестер беріліп түрлі тренингтер жүргізілді. 

Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау,олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып,ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.


Ақпан айында 9-11 сынып оқушыларымен мамандық таңдауда психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Сан мамандық түрі бар,таңдап –талғап бірін ал» дөңгелек үстел өткізіліп, кеңестер берілді.


Оқушылардың көңіл-күйін анықтау мақсатында релаксацияға арналған ойын жаттығулар  9-11 сыныптар арасында жүргізілді.


6-8 сынып оқушыларынан «Тұлғаның өзін-өзі бағалау» әдістемесі    алынды. 

Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі бағалауы. 

Оқушылар 20 сұраққа жауап берді. 

Қорытындысы бойынша оқушыларда өзін-өзі бағалауы қалыпты жағдайда екені анықталды. 


Діни экстремизмнің алдын алу мақсатында сауалнама алынды. Сауалнама 3-11 сыныптар аралығында жүргізілді.  Сауалнамада  5 сұрақ қарастырылды.

1.Мешітке барасың ба деген сұрақ бойынша:

Иә - 50

Жоқ - 350


Сәуір  айында 4 сынып оқушыларымен жұмыс жүргізілді. 

Мақсаты:   орта буынға өтуге дайындық дәрежесін бағалау; балалардың мектепке деген көзқарастары; оқушылардың жеке бастарының бір - бірімен қатынас жүйесіндегі жағдайлары, ұйымшылдықтары; өзін-өзі бағалауы, ынтасы, қызығушылығы, үрей деңгейі; анықтау ,4 сынып  оқушыларының  орта буынға дайындығын зерттеу барысында сабақтарына қатысу жүргізілді.

Стресстен құтылудың қарапайым түрлері. «Лимон», «Қағып таста» жаттығулары. 9,11 сынып оқушыларымен жұмыс.

Мақсаты: оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.


Сәуір  айында мүмкіндігі шектеулі және үйден оқитын оқушының отбасына рейд жүргізіліліп,тұрмыстық жағдайы тексерілді. Оқушының отбасылық жағдайы жақсы ата-анасы мектеппен тығыз байланыста болды.

Мамыр айында   1 сынып оқушыларына көру қиялын дамыту мақсатында «Нүктелер»жаттығуы»,«Құрастыру жаттығуы» жүргізілді. 

Мамыр айында 9-11 сыныптың оқушыларымен «Қауіпсіз интернет» тақырыбында жұмыс жүргізіліп,   әлеуметтік желілер туралы ақпараттық түсіндіру және кеңес беру жұмыстары жүргізілді.  


4 -сынып оқушыларымен  түзету-дамыту жұмыстары жүргізіліп, оқушыларға психологиялық көмек көрсетіліп, жаттығулар орындатылды.