Орыс тілі бірлестігінің онкүндік апталығының өткізілуі туралы есеп » Рахат орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Рахат орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Орыс тілі бірлестігінің онкүндік апталығының өткізілуі туралы есеп
17
февраль
2023

Орыс тілі бірлестігінің онкүндік апталығының өткізілуі туралы есеп

Ақпан айының  6-16 аралығында орыс тілі мен әдебиет бірлестігінің онкүндігі болып  өтті.

Тақырыбы: «Словом можно убить,словом можно спасти,словом можно полки за собой повести...»

Мақсаты: оқушылардың орыс тіліне деген қызығушылығын арттыру. Оқу үрдісінде жаңа технологияларды қолдана отырып , жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Апталық салтанатты жиынмен ашылды.

3-7сынып оқушыларының қатысуымен тақырып аясында өтті. Оқушылардың орыс тілінде еркін сөйлеу, ой қорыту, нәтижеге жету, сыни тұрғыда ойлау, берілген тапсырманы диалог, оқылым, сөздік арқылы шебер орындай алуы сүйсінтті.


      Әрі қарай орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Манапова А.И.  06.02.2023   «Жемчужина Казахстана» тақырыбында 8 «Б» сыныбымен ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында  оқушылдардың сөйлеу  тілін дамытуға, қойылған мәселелер бойынша сыни тұрғыда ойлау дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар оқу мақсатына жетуге негіз болды. Орыс  тілін  шет  тілі  ретінде  оқытуда лингвистикалық  материалды  игеру және  коммуникативтик  дағдыларды  (қарым –қатынас құралдары) қалыптастыру маңызды.  Сондықтан сабақ барысында  оқушылар  өздерінің  бейне материалдарын  қорғады, мәтінмен жұмыс  жасады  және грамматикалық  тапсырмаларды  орындап, сөзжұмбақтың жауабын тапты.Тақырыпқа байланысты   құрылған тапсырмалар  оқушылардың сөздік қорын дамытуға көмектесуге бағытталды. Сабақтың  соңы оқушылардың білімін бекітуге арналған  кері байланыс сұрақтарымен аяқталды.Сабақ барысында пайдаланылған әдіс-тәсілдер «Миға шабуыл» стратегиясы, «Синквейн», «Венн Диаграммасы», «Бинго» тәсілі.

       Келесі кезекте 07.02.2023  Нукиспаева Н.Ж.   5 «Б» сыныбымен «Первый народный художник Казахстана» тақырыбында ашық сабақ өткізді.  «Пицца»,әдістерімен бірге «Квест» сұрақ-жауап интелектуалдық ойын арқылы сабағын тақырыппен байланыстыра отырып жүргізді. Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын, оқушыларда тапсырмаларға  тез дұрыс жауап беру нәтижесінде тыңдалым  және  оқылым дағдылары қалыптасты.Сабақ соңында оқушыларға кері байланыс жасалды.

     Жоғары дәрежелі орыс тілі мен әдебиеті пәніннің  мұғалім Оразалиева А.Ж. 6 «Ә» сыныбымен  «Строители слов» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен іс-әрекеттеріне қарай қазіргі заманауи  дидақтикалық видео-материалдарды ұтымды қолданып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін шыңдай білді. Оқушылардың сабақ барысындағы белсенділіктері  мұғалімнің санқилы жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолданылуының нәтижесі екендігі айқын көрінді. Сабаққа жүйелі жоспар құруының нәтижесінде оқу мақсатына жете білді.

      07.02.2023 Нусипалиева А. 2«Ә» сынып оқушыларымен«Я выбираю здоровье» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Миға шабуыл»,  т.б. әдістері  мен ойын элементтері(ребус, кроссворд) ұтымды қолданылды . Бұл – өз ойын жеткізе білуге және өз бетінше еңбектенуге үйретті. Сабақтың табысты болуы «Оқушы үні» арқылы көрініс тапты.

      Онкүндіктің кезекті ашық сабағын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің  жоғары дәрежелі мұғалімі 14.02.2023 Шишуина С.Ю. 7 «Ә» сыныбымен «Определительные местоимения» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Ұстаз оқушылардың жас ерекшеліктері мен іс-әрекеттеріне қарай қазіргі заманауи әдістерді қолдана отырып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін шыңдай білді. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Мұғалім жеке, топтық жұмыстарын ұйымдастыру  арқылы өз мақсатына жете білді.

         Келесі кезекті  Торгаева Э.А. 5 «Ә» сынып оқушыларымен  «Первый казахский кинорежиссёр» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Миға шабуыл», «Сұрақ ілмегі», «Ойлан,тап»,  т.б.әдістері қолданылды.Сабақ барысында оқушылар тарапынан ұтымды жауаптар алынып, сәтті сәттер көрініс тапты.

        Онкүндік барысында сыныптан тыс жұмыстар мен бейнероликтер жасалды. Соның бірі А.С.Пушкин мерейтойына орай  «Творчество   Пушкина» тақырыбында іс-шаралар жүргізілді. Сонымен қатар «Quiz competition» атты интелектуалды ойындар өткізіліп,  жеңімпаздары марапатталды.Нәтижелі атқарылған игі шаралар мектеп сайтына жүктелді.

         Апталықтың жабылуы салтанатты жиынмен жабылды.Аталмыш шаралар оқушыларды мемлекеттік тілмен қатар бірнеше тілді қатар игеру арқылы туған жерімізді сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, елімізді өркендетуші білімді ұрпақ болуға, таза сөйлеуге, қоғамдағы үштілділік саясатының маңызын ұғуға, ұлтына, жеріне деген сүйіспеншілігінің артуына ықпал етті. Соңында директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары         Д.А.Кумпеисова онкүндіктің жоғарғы деңгейде өткенімен құттықтай отырып  ұйымдастырушыларға, белсене қатысқан оқушыларға алғыс білдірді.