Ағылшын тілі пән бірлестігінің онкүндігінің есебі » Рахат орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Рахат орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ағылшын тілі пән бірлестігінің онкүндігінің есебі
10
декабрь
2022

Ағылшын тілі пән бірлестігінің онкүндігінің есебі

       Ағылшын тілі пәнінің әдістемелік бірлестігінің құрамында 5 мұғалім қызмет атқарады.

Жоғары — 6 мұғалім. Педагог- сарапшы — 1, педагог-модератор — 1, санатсыз — 3 мұғалім. Бірлестік жетекшісі — педагог- сарапшы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі - Абженбаева Гулбану Абиловна.
       Бірлестік пән мұғалімдерінің күнтізбелік жоспары әдістемелік бірлестікте қаралып, мектеп директоры бекіткен. Пән бойынша бағдарламалық бірлестіктер күнтізбелік жоспар негізінде жүргізілген. Бірлестіктің жылдар бойынша жинақтама папкасы бар. Папкада әдістемелік бірлестік туралы ереже, әрбір оқу жылына міндеттері көрсетілген. Өзекті тақырыптары жазылып, пәндер бірлестігінің жұмыс жоспары, отырыстары бекітілген. Сонымен қатар пән бірлестігі мұғалімдерінің аттестациядан және білім жетілдіру курсынан өту кестесі бар. Жаңа ақпараттық технология арқылы оқушылардың өзге тілін үйренуге деген ынта-ықыласын арттыру.Ағылшын тілі пәнінің әдістемелік бірлестігінің өзекті тақырыбы:«Білім беруді жаңарту аясында арттыру және жан-жақты дамыған, сыни көзқарасы қалыптасқан тұлға қалыптастыру»
     Бірлестіктің алдына қойылған мақсаты: Мемлекеттік тілмен қатар шет тілі мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын дамыту, өзге елдің тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін, әдеп- ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу.                 

      Бірлестіктің міндеттері: Оқушылардың білімі мен біліктілікті, дағдыны сапалы игеруді қамтамасыз ету жолында оқу-дамыту ортасын құру. Қазіргі заман талабына сай оқушылардың білімін жан-жақты тереңдету арқылы оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.

Мектептегі тілдер мерекесіне ағылшын бірлестігі өз үлесін қосты. Кесте бойынша берілген он күндікті ағылшын тілі бірлестігінің мұғалімдері өз деңгейінде ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар арқылы көрсетті.