«Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар» тақырыбындағы математика, информатика және физика пән бірлестігінің онкүндігінің есебі » Рахат орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Рахат орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар» тақырыбындағы математика, информатика және физика пән бірлестігінің онкүндігінің есебі
27
январь
2023

«Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар» тақырыбындағы математика, информатика және физика пән бірлестігінің онкүндігінің есебі

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен   біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне  қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Оқушылардың бойында  білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше   іздену, жаңашылдыққа ұмтылу   қасиеттерін тәрбиелеу-  сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.

Осындай  жұмыстың маңызды бір бағыты- пәндік апталық болып саналады. Қаңтар айының  16-26 күндер аралығында  мектепте математика,информатика және физика пәндер апталығы өткізілді.Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында  қаралып талданды  және бекітілді. 

Апталықтың мақсаты: Математика, информатика және физика пәндерін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

1. Сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстардың заманауи үлгілерін ұсыну;

2. Оқушылардың іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, білім алуға деген мотивациясын ояту.

  Апталық барысында  мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай  өтті, соның ішінде ашық сабақтар, интеллектуалды сайыстар болды.

  Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы   күні оқушылар мен мұғалімдер жиыны   өткізілді,  онда  апталықтың салтанатты ашылуы өтті. 


 Апта ағымында келесі ашық сабақтар берілді: Алиева Қ.– алгебра пәнінен қайталау сабағы «Алгебралық түрдегі комплекс сандарға амалдар қолдану» 11«Б»сыныбында; Садырова М.- математика пәнінен қайталау сабағы «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу» 6«Ә» сыныбында; Кайнарова М.-  физика пәнінен қайталау сабағы«Қатты денелердегі қысым» 7«A» сыныбында; Бостекбаева Н.- алгебра пәнінен қайталау сабағы «Қысқаша көбейту формулалары» 7«Б» сыныбында; Әкімжан Ж.– алгебра пәнінен қайталау сабағы «Квадраттық функция және оның графигі» 8«a» сыныбында; Скакова А.- физика пәнінен қайталау сабағы «Энергия. Релятивистік динамикадағы импульс және масса. Материялық   дене үшін энергия мен массаның байланыс заңы» 11«б» сыныбында; Фазилова А. - геометрия пәнінен  қайталау сабағы «Кеңістіктегі векторлар және оларға амалдар қолдану» 10 «Б» сыныбында; Кәдірбай Ұ.- информатика пәнінен жаңа сабақ «Тармақталған алгоритмдерді программалау» 7«А» сыныбында; Тугелбаева Ф.- информатика пәнінен жаңа сабақ «HTML тілінде кесте құру» 10«Б» сыныбында; Рысбаева Г.- алгебра пәнінен қайталау сабағы «Тригонометрия формулалары» 9«Б» сыныбында.

Сонымен қатар   сыныптан тыс іс- шаралар   өткізілді:  математика пәнінің мұғалімдері  Бостекбаева Н., Фазилова А., Алиева Қ. 7 сыныптар арасында  «Қызық екен» интелектуалды сайыс сабағы, информатика пән мұғалімі Тугелбаева Ф. 5 сыныптар арасында  «Информатика кеше, бүгін, ертең» сайыс сабағы, математика  пән мұғалімдері Кәдірбай Ұ. Садырова М. 6 сыныптар арасында «Ойна да, ойлан!» сайыс сабақтарын өткізді.  

Іс - шаралар танымдық-дамыту бағытында өткізілді, мұғалімдер оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеріп,  логика мен зеректілікке арналған тапсырмаларды пайдаланды, ал оқушылар әр түрлі пәндерден өз білім дәрежелерін, тапқырлықтарын  көрсетіп, қосымша  білім алды.  Барлық сабақтар жақсы  деңгейде өткізілді, таңдап алынған көрнекілік құралдыр проблемалық оқыту талаптарына сай болды. Қолданылған әдіс және жұмыс түрлері сабақ мақсатына байланысты дұрыс үйлестірілді. Үлгерімі төмен оқушылрамен жұыс жүйелі жүргізіліп, мақсатты түрде ынталандырылды.

Соңғы күні апталықтың қорытындысын Рысбаева Г., Скакова А., Әкімжан Ж.  интелектуалды сайыс сабақ түрінде «Білімді ұрпақ – Жаңа Қазақстан болашағы» тақырыбында өткізді. Сайыстардың   жеңімпаздары арнайы грамоталармен марапатталды.


 Қорыта келе айтарым, ұстаз- жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Ұстаз  – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.

Похожие публикации: