Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің 2022 -2023 оқу жылында атқарған жұмыстарының есебі » Рахат орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Рахат орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің 2022 -2023 оқу жылында атқарған жұмыстарының есебі
01
июнь
2023

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің 2022 -2023 оқу жылында атқарған жұмыстарының есебі


     Рахат орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесі алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы капитан  Токсейтов Бекзат Аблакимовичтің  2022 - 2023 оқу жылындағы атқарған жұмыстарының есебі.

    Оқу жылы басында алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытылуына байланысты талаптарға сәйкес барлық іс-құжаттары дайындалып, мектеп директорының бекітілуіне берілді. Атап айтқанда алғашқы әскери  дайындық  пәні оқытылуының басталуы туралы, взвод және бөлімше командирлерін тағайындау туралы бұйрықтар, әскери жетекшінің жеке жұмыс жоспары, взвод командирлері құрамымен дайындық өткізілу жоспары, материалдық-техникалық базаны жетілдіру жоспары, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнін жүргізудің апталық, күнтізбелік  жоспарлары  жасалды.   

    Алғашқы әскери және технологиялық дайындық  пәні оқытылатын 10 «а», 10 «б», және 11 «а», 11 «б», сыныптарына АӘТД пәні бойынша сабақтар сабақ кестесіне сәйкес оқу бағдарламасы бойынша өткізілді.

   «Офицер болу – ержүрек мамандық» тақырыбы төңірегінде әңгімелеп, оқушыларды   жоғарғы әскери оқу орындарына оқуға түсуге үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Пікір алмасып, және осы сұрақтар төңірегінде оқушылардың қойған сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.

    Мектеп бойынша 2006 жылы туылған жасөспірімдердің тізімі жасалып, Еңбекшіқазақ аудандық Қорғаныс бөліміне есепке алу мақсатында тапсырылды және  медициналық тексеруден өткізу жұмыстарына дайындық жүргізіле бастады.                                                                  

    2022-2023 оқу жылында Еңбекшіқазақ ауданы АӘТД  пәні бойынша кәсіптік білім деңгейін көтеру мақсатында аудандық АӘТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының бірлестік жоспарына сәйкес өткізілген семинарларына қатыстым.

     Еңбекшіқазақ ауданы Қорғаныс Істер бөлімінің жоспарына сәйкес 19 қаңтар қүні, 2006 жылы туылған жасөспірімдерді әскери есепке алу мақсатында медциналық тексеру коммисиясынан өткізу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды. 11,10 – 9 сыныптардан аталған комиссиядан жастары он алтыға толған, барлығы – 7 жасөспірімдер өткізіліп, әскери есепке тіркеуге алынды. 

10.11.2022 жылы Қаратұрық ауылдық округінде «А.Саттаров атындағы орта мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесінде аудандық «Әскери - патриоттық ән» байқауына қатысты.

  09.03.2023 жылы Бөлексаз ауылы «Х.Абдуллин атындағы орта мектебі» КММ аудандық «Үздік командир» байқауына қатысты.  

Қазақстан   Республикасының «Қазақстан Республикасында өзін-өзі басқару және жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 қаулысының 33 бабының 2 тармағы және 37 бабына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2017 жылғы 12 шілдедегі №347 бұйрығымен бекітілген «Бастапқы әскери дайындық қағидаларына», Алматы облысы «Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 11 мамыр № 133 – ө н/қ бұйрығына сәйкес негіздемелерді басшылыққа ала отырып, мектеп директорының 23 мымыр 2023 жылғы  №89 бұйрығы бойынша 10 сынып жасөспірімдерімен оқу- далалық жиыны мектеп базасында өткізілді.

Әдістемелік бірлестігі отырысында жыл бойы атқарылған жұмыстарға талдау жасалып, келесі оқу жылына жұмыс жоспарының жобасы құрылды.