Бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігінің есебі » Рахат орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Рахат орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігінің есебі
14
октябрь
2022

Бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігінің есебі


 «Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында

 03.10.2022.-13.10.2022 жж. аралығында өткізілетін бастауыш сынып бірлестігінің   онкүндігінің жоспары құрылып,мектеп директорымен бекітілді.                                                            

Мақсаты: Бастауыш сынып сабақтарында педагогикалық технология және жаңа форматта білім беру үлгілерінің әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану,оқушылардың оқуға қызығушылығын,сыни тұрғыдан ойлауын,шығармашылық қабілеттерін дамыту, функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.

«Бастауыш сынып» апталығы  03.10.22. күні «Білімнің ірге тасы –бастауыш   2«А,Ә,Б»сыныптары онкүндіктің ашылуын  ұйымдастырып өткізді.

Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сездіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру.

Балалар өз өнерлерін ортаға салып, ән-күйлерін шырқап, әсем мағыналы тақпақтарын оқып, мың бұрала билеп өнерлерін көрсете білді.


03.10.2022-13.10.2022   аралығында әр ұстаз онкүндігінің жоспарына сай ашық сабақтары  өз уақытында өтіліп отырды. Сабаққа мектеп әкімшіліктері,   ұстаздар қатысып,талдау жұмыстары жүргізілді. Кері байланыс жасалды. 

1 «А,Ә,Б» «Күз көрінісі» сурет салу  тақырыбында сыныптан тыс жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты: Күзгі табиғат көрінісін көре білуге, күз айларындағы табиғат өзгерістерін, құбылыстарын бейнелеуге үйрету

06.10.2022ж. 2 «Ә» сыныбының жетекшісі Ибрагимова Ризвангуль Рахметжановна математика пәнінен ашық сабақ өткізді.

Сабақтың тақырыбы: «Жақшасыз өрнектер және олардың мәнін тиімді тәсілмен    есептеу»                                                                                                                        

Сабақ кезінде нақты іске асырған әрекеттер:Сабақты бастамас бұрын оқушыларға жағымды психологиялық жағдай туғызды.Сабақтың мақсатымен таныстырды.Бірінші тапсырманы «Дымбілмеске көмектесу» арқылы санда өрнектер мен әріпті өрнектерді ажыратты.

Екінші тапсырманы орындау барысында ,қосылғыштардың орны ауысқанымен,қосындының мәні өзгермейтінін анықтап,ережені өздері дәлелдеді.Сол сияқты үшінші тапсырманы қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолданып шығарды.
Сыныпта төртінші тапсырманы топтық  жұмыс түрінде өткізді. Сергіту сәтін ұйымдастырды.Сыныпта төртінші тапсырманы топтық   жұмыс түрінде өткізді.Бесінші тапсырмадағы есепті талдап,кері есеп құрастырды,шығарды. «Ойлан ,тап!»ойынын ойнаттым. Сабақты қорыту мақсатында «Күзгі жапырақтарды жинау»ойыны арқылы сабақты қорыттым.

Сабақты « Алма жинау»әдісі арқылы керібайланыс жасаттым 

Сабаққа қойған мақсатына жетті,үлгерімі төмен оқушымен жұмысты көрсетті.

07.10.2022ж. күні 2 «Б»сыныбынының жетекшісі Саймасаева Бинара Мұқанқызы математика пәнінен ашық сабақ өткізді.

Сабақтың тақырыбы:  "Өрнектердің мәнін тиімді тәсілмен табу".

Сабақтың  мақсаты:  Барлық оқушылар өрнектердің мәнін қосудың ауыстырымдылық қасиетін,терімділік  қасиетін пайдалана отырып,тиімді тәсілмен есептейді.                                                                                                                                           

Сабақ кезінде нақты іске асырған әрекеттер:Сабақты бастамас бұрын оқушыларға жағымды психологиялық жағдай туғызды.Сабақтың мақсатымен таныстырды.Бірінші тапсырманы «Түсінемін,жасаймын» әдісі  арқылы орындады.Балалар бірінші тапсырмада өрнек құрады, жақшалы өрнектің мәнін есептеді, есептеудің тиімді тәсілін анықтады.

Екінші тапсырманы «Бауырсақ» әдісі  арқылы орындады. 2-тапсырмада өрнектердің мәнін есептеу үшін тиімді тәсілді қарастырып үйренді.

Үшінші тапсырманы «Вирус» әдісі  арқылы орындады.3-тапсырмада өрнектердің мәндерін тиімді тәсілмен есептеп үйренді.

Төртінші тапсырманы « Ұяшық таңдау»  әдісі  арқылы орындады. 

4-тапсырмада өрнектердің мәндерін тауып, салыстырды.

Бесінші тапсырманы «Өзім орындай аламын» әдісі  арқылы орындады. Бұл тапсырманы оқушылар өздік жұмыс ретінде орындады.

Сабақты қорыту мақсатында «Оқушымен диалог-сұхбат» әдісі  қолдану арқылы сабақты қорытты. Сабақты « Алма жинау»әдісі арқылы кері байланыс жасатты.  Сабаққа қойған мақсатына жеттім.

Жетістігі:топтық жұмыс пен жаңа сабақты өздігінен түсіндіре алуда,ойындарды  қызықты ,дұрыс ұйымдастыра білдім. Оқушылар сабаққа толық,белсене қатысты.

Үлгерімі төмен оқушымен жұмысты көрсетті.

11.10.2022. күні Турлыбекова М.  қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізді.

Сабақтың тақырыбы: «В» дыбысы

Сабақтың мақсаты: Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып сабаққа деген ынталарын арттыру.

03.10.2022. күні  Мустафаева Б. математика пәнінен ашық сабақ өткізді.

Сабақтың тақырыбы:10,100,1000 сандарына көбейту және бөлу 

(отбасылық демалыс)

Сабақтың мақсаты: Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып сабаққа деген ынталарын арттыру.

12.10.2022. күні Болай Ж.  әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ өткізді.

Сабақтың тақырыбы: Қазына иесі кім?

Сабақтың мақсаты: Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқыта отырып оқушылардың ой-өрісін дамыту.

05.10.2022. күні Веливаева М. математика пәнінен ашық сабақ өткізді.

Сабақтың тақырыбы: Шамалар арасындағы тәуелділік

Сабақтың мақсаты: Жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып сабаққа деген қызығушылығын арттыру

10.10.2022. күні  Дауренбекова Б. Қазақ тілі    пәнінен ашық сабақ өткізді.

Сабақтың тақырыбы: «Э» дыбысы

Сабақтың мақсаты: Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып оқушылардың сабаққа деген ынталарын арттыру.

05.10.2022. күні Каиркулова Г. Жаратылыстану   пәнінен ашық сабақ өткізді.

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктің мүшелері қандай қызмет атқарады?

Сабақтың мақсаты: Ұжымдық жұмыспен сабақты ұйымдастыру,білім деңгейлерін,функционалдық сауаттылығын арттыру.


13.10.2022. Онкүндіктің жабылуы  «Білімді ел-мәңгілік ел!» балалар өз өнерлерін ортаға салып ән салып, би билеп өнерлерін көрсете білді.

Әр ұстаз сабақтарында өз әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланды,оқушыларды қызықтыра білді,көрнекіліктері талапқа сай. Ашық сабақтарға қатысқан ұстаздар және әкімшілік мүшелері кері байланыс жүргізіп отырды.Кей ұстаздарға ұсыныстар айтылып,бастауыш сыныптарының онкүндік ашық сабақтары жоғары дәрежеде өткізілді.