Жаратылыстану- тарих пән бірлестігінің есебі » Рахат орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Рахат орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаратылыстану- тарих пән бірлестігінің есебі
16
декабрь
2022

Жаратылыстану- тарих пән бірлестігінің есебі

Жаратылыстану –тарих пән бірлестігінің апталығы 05.12-15.12.2022жыл уақыт
 аралығында өтті. 


            Химия пәнінің мұғалімі: М.Н. Акимбаева
  Сутек.Сутектің  қасиеттері және  оның қолданылуы.                                                                                                                     

№2 практикалық жұмыс «Сутекті алу және оның қасиеттерін тану» тақырыбында 12.12.22жылы  8  «Ә» сыныбы оқушыларымен ашық сабақ өтті.

          Сабақтың  оқу мақсаты: 8.4.2.1 -сутекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын зерттеу. 
 Сабақ кезінде нақты іске асырылатын әрекеттер.
 Сабақты бастамас бұрын ұйымдастыру кезеңіне назар аудардарылды. Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау,мотивациялау мақсатында ынталандыру, психологиялық жағымды ахуал қалыптастастырылды.                                            
 Үй тапсырмасын дұрыс   жауабы арқылы  балалар бірін-бірі тексеріп, бағалау парақшасына бағалады.  
Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі  арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты  байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын  жұппен талқылады.Жақсы жауап берген балалар мадақталды,балл қойылды.

«Білім сандығы» әдісі   / топпен жұмыс/  әр топты 4 баладан біріктіре отырып,тапсырмалар берілді.Тапсырманы орындап болған соң әр топ бірін-бірі тексеріп, бағалады. Берілген дискрипторлар бойынша балл қойылды.Кері байланыс:«2+, 1-»

Тәжірибиелік әдіс /жеке жұмыс/№2 практикалық жұмыс  бойынша металдар белсенділігіне байланысты тәжірибие көрсетілді ,қорытынды жасатып ,реакция теңдеулерін жаздырды. Кері байланыс бере отырып,балл қойылды.

               Биология пәнінің мұғалімі: Ж.Альжанова 7. 12.22ж  «Өсімдіктер мен жануарлар үшін тыныс алудың маңызы.»тақырыбында  7 «Б» сыныбы оқушыларымен ашық сабақ өтті.
 Оқу  мақсаты:7.1.4.1 тірі ағзалардағы иыныс алу маңызын сипаттау;

                      7.1.4.2 анаэробты және аэробты тыныс алу типтерін ажырату

Сабақта қолданылған ресурстар: презентация,білімленд платформасы бойынша бейнебаяндар,  эл.оқулық, Learningapp  https://learningapps.org/display?v=p7srrdup321 ойыны . WordWell қолданылды.

Сабақ соңы:Рефлексия: «Тик-ток»  әдісі бойынша.Жүрек:маған сабақ ұнады Хат:Сұрағым бар.   Ұшақ:досыммен бөлісемін.

         География пәнінің мұғалімі: Қ.Н. Мырзахметова 06. 12.22ж  «Қазақстанның   ішкі суларының түрлері. » тақырыбында   9 «Б» сыныбы оқушыларымен ашық сабақ өтті. 

Сабақтың мақсаты:Қазақстанның ішкі суларын топтастырады.

Көлдер,мұздықтар мен мәңгі тоң,жер асты суларын айтады.

Көлдер,мұздықтар мен мәңгі тоң,жер асты суларын сипаттайды

Сабақта қолданылған ресурстар: презентация,   бейнебаяндар,  сурет,карта

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту. Өткен материялды тиянақтау,алған білімін жетілдіру. Сабақты бекіту.Білімдерін жетілдіру мақсатында қайталау сұрақтары арқылы қортындылады.


               География пәнінің мұғалімі: Қ.Н. Мырзахметова  14.12.22ж күні  6ә,а   сыныптар арасында «Жетісуым жерұйығым-тарихи менің мекенім» тақырыбында  сыныптан тыс жарыс сабағы өтті. 

Мақсаты:Жетісу жеріндегі өзен көлдер мен тарихи жерлерді танып білу,пәнге деген қызығушылығын арттыру.Картамен жұмыс жасай отырып,Жетісу жерінің тарихы менөзендері туралы білу
 
Сайыстың жүргізілу реті:

1 - кезең: “Не?Қайда?Қашан?”    2 - кезең: “Ең,Ең,Ең”

3 - кезең: “Жұмбақ шешіп көрейік”    4 - кезең: “Астаналар сайысы“

5 - кезең: “Кім білгіш”      6 - кезең: “Суреттер құбылысы”

Тарих пәнінің мұғалімі: А.А. Молдасанова 7.12.2022жыл «Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының ерекшеліктері» тақырыбында 10 «Б» сынып оқушыларымен ашық сабақ өтілді.

Мақсаты:10.2.2.4 -қазақ көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін ескере отырып, туыстық принциптердің және рулық құрылымның функционалдық маңызын түсіндіру

Сабақта қолданылған ресурстар: презентация,слайд, бейне баян,карта.Сабақ соңы:Рефлексия: «Тик-ток»  әдісі бойынша жүргізілді. «Plikers» әдісімен сабақтың соңы қорытындыланды.


Тарих пәнінің мұғалімі: Омаркулова Ж.К -09. 12.22ж  «1836-1838 жж Бөкей ордасындағы қазақтардың көтерілісі» 7 «А» сыныбымен атты  ашық сабақ өтті.
 Сабақтың мақсаты: 7.3.1.5 қазақ халықының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау. 7.3.1.6 ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру.


Сабақта қолданылған ресурстар: презентация,слайд, эл.оқулық.
 Сабақ басында жаңа сабақтың тақырыбын  ашу мақсатында «Бейне баян» көрсетіліп, тест тапсырмасы арқылы сұрақтарға жауап беру арқылы  сабақтың  тақырыбын анықтады. Сабақтың басында  сұрақ-жауап   арқылы жаңа сабаққа шолу жасалынып,қосыша  түсініктеме берілді.        

       Тарих пәнінің мұғалімі:Канаева  «А.М.- Ұлтаралық және конфессия аралық келісімнің қазақстандық  моделі» атты ашық сабақты 11 «A» сыныбымен 6.12.22 жылы өтті.


Құқық пәнінің мұғалімі: Канаева Айгерім-09. 12.22ж   «Қылмыстық құқық бұзушылықтарды жіктеу. » тақырыбында  11 «Б» сыныбы оқушылары  мен   ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты:   Қылмыстың санатна қарай түрлерімен танысу.


Биология пәнінің мұғалімі: Магамедова Сабина08.12.2022ж.  «Қантамырлар жүйесінің түрлері.Ашық және тұйық қанайналым жүйелері.Үлкен және кіші қанайналым жүйелері.Адамның қанайналым жүйесі.» тақырыбында  8 «а» сыныбы оқушыларымен  ашық сабақ өтті. 

Сабақтың мақсаты:Қантамырлар жүйесінің түрлерін біледі.

Үлкен және кіші қанайналым шеңберлерін  көрсетіп түсіндіре алады. 

Адам жүрегінің қызметін сипаттай алады.

Сабақта қолданылған ресурстар: презентация,  АКТ,8 сынып оқулығы,бейнеролик,көрнекіліктер.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту. Өткен материялды тиянақтау,алған білімін жетілдіру.

Тапсырмалар :«Кинометафора» әдісі арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын ашу,бейнеролик бойынша сұрақтарға жауап береді.Жеке жұмыс. Дәптермен жұмыс.

Топтық жұмыс.Оқушыларды Random Group Generator арқылы топтарға бөліп,топтық тапсырманы орындау үшін топтастырды.

Жұптық жұмыс. Берілген кесте бойынша   қан айналым жүйелерін сәйкестендіру.

Сабақты бекіту.Білімдерін жетілдіру мақсатында қайталау сұрақтары арқылы қортындылады.