Өнер бірлестігінің онкүндігінің есебі » Рахат орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Рахат орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Өнер бірлестігінің онкүндігінің есебі
21
апрель
2023

Өнер бірлестігінің онкүндігінің есебі

«Рахат орта мектебі» КММ Өнер бірлестігінің онкүндігінің талдауы 2022-2023 оқу жылы (10.04-20.04.2023)

Тақырыбы: «Өнер -ұлттың асыл қазынасы»

Апталықтың мақсаты: Эстетикалық пәндерде, қызықты әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру арқылы өнерлі,  дені сау ұрпақ тәрбиелеу.

Міндеттері: Сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстардың заманауи үлгілерін ұсыну. Оқушылардың дене шынықтыру сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.

10.04.2023ж апталықтың ашылуы өнер бірлестігінің  видеоролігімен ашылды.Оқушылар мен ұстаздар арасында сұрақтар қойылып ,оларға жауаптар алынды.Дұрыс жауап берілген оқушылармен ұстаздарға сыйлықтар берілді

14.04.202ж Молдахожаев Талип көркем еңбек пәнінен «Электротехникалық арматура» Электр энергиясының әртүрлі көздерімен тәжірибе жасау тақырыбында 5 «Б» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Ток көздерін анықтайды: электротехникалық арматурамен қолданатын құралдарды сипаттайды. Оқушылар шағын ой толғау жазды. Бағалау парағы бойынша оқушылар бағаланды. Ашық сабаққа директордың әдістеме жөніндегі орынбасары Қанаева А.М, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Дүйсенбиева Н, дене шынықтыру пән мұғалімі Байхажы Б қатысты. Сабақ деңгейі жақсы бағаланды. Болашақта сабақ уақытының дұрыс қадағалануы ұсынылды.

12.04.2023ж Калгулов Біржан музыка пәнінен «Қазақстан халықтарының музыкасы» тақырыбында 5 «Б» сыныбында ашық сабақ өткізді. Оқушыларға сабақтың тақырыбын таныстырып, мақсаты мен міндеттерін айтып өтті. Сабақта оқушылар пазлдар арқылы топтарға бөлініп, зымыран, жұлдыз, күн, ғаламшар болып төрт топқа бөлінді. Сабақ бөлім бойынша өз уақытымен өткізілді. Керекті құралдар: анаграмма, баян, үн таспа, пазлдар пайдаланылды. Сабақ өз мақсатына толық жетті. Сабаққа қатысқан ұстаздар: бастауыш сынып мұғалімдері мен мектеп психологі Көмекпей А қатысты. 

19.04.2023ж Дүйсенбиева Нүргул көркем еңбек пәнінен «Бутербродтар мен сусындардың әзірлену технологиясы» тақырыбында  5 «Б» сыныбында ашық сабақ өтті. Ашық және жабық бутербродтар әзірлеу технологиясымен таныстыра отырып, әр оқушының осы тақырыпқа байланысты өнімнің бір-біреуіне тоқталып, олардың жасалу реттілігі тыңдалынды. Гигиеналық талаптарды сақтай отырып шығармашылық жұмыста нан, тоқаш өніміне жататын жартылай өнім самса жасалынды. Сабақта  топпен және жеке оқушымен жұмыс жүргізілді. Сабаққа директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Қанаева А.М және бірнеше мұғалімдер қатысты. Сабақ өз дәрежесінде өтті.

14.04.2023ж Минал Көкен көркем еңбек пәнінен «Электр схемаларының шартты белгілерімен танысу. Электр тізбектері» тақырыбында 6 «А» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысы жоғары деңгейде өткізіліп, оқушылармен практикалық жұмыс жасалынды. Болашақта қауіпсіздік ережесін сақтау керектігі ұсынылды. Сабаққа өнер бірлестік мұғалімдері, мектеп директоры Кожакова А.Н, Қанаева А.М қатысты   

19.04.2023ж Токсейтов Бекзат АӘД пәнінен «Теріні қорғаудың жеке құралдары» тақырыбында 10 «Б» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысы жоспарға сай өтті, қауіпсіздік ережесімен таныстырылып, өз мақсатына толықтай жетті. Сабаққа директордың оқу ісі жөніндегі  орынбасары Оразалиева А.Ж және де өнер пән мұғалімдері қатысты.

10.04.2023ж Нұрқайдар Алиасқар дене шынықтыру пәнінен «Жеке, топтыұқ, командалық, тактикалық іс-әрекеттер» тақырыбында 9 «Ә» сыныбында  ашық сабақ өткізді. Сабақ барысы жоғары деңгейде өтті, оқушылар жеке және топқа бөлініп, тапсырмаларды орындады. Пән мұғалімі өз мақсатына толықтай жетті. Болашақта сабақ уақытының дұрыс қадағалануы ұсынылды. Сабаққа өнер пән мұғалімдері қатысты.

14.04.2023ж Нұрқайдар Алиасқар, Байхажы Бауыржан дене шынықтыру пәнінен «Ойындардағы топтық іс-әрекеттер» тақырыбында 4 «Ә,Б» сыныптар арасында сыныптан тыс ашық сабақ өткізді. Сабақ барысы жоғары деңгейде өтті, оқушылар жеке және топқа бөлініп эстафеталық ойындар ойнатылды, тапсырмаларды орындады. Пән мұғалімдері өз мақсатына толықтай жетті. Болашақта сабақ уақытының дұрыс қадағалануы ұсынылды. Сабаққа өнер пән мұғалімдері қатысты. 

 14.04.2023ж Төлепбергенов Ерасыл дене шынықтыру пәнінен «Жігерлендіру және қозғалыс қасиеттерін дамыту» тақырыбында 3 «А» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақ деңгейі жоғары дәрежеде өтті. Жеке, топтық жұмыстар жүргізілді. Оқушылар бағаланып, үй тапсырмасы берілді. Сабаққа өнер пән мұғалімдер қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.

18.04.2023ж Төлепбергенов Ерасыл дене шынықтыру пәнінен «Баскетбол. Допты себетке салу» тақырыбында 6, 7сынып ұлдар арасында сыныптан тыс ашық сабақ өткізді. Сабақ бөлім бойынша өз уақытымен өткізілді. Сабақ өз мақсатына толық жетті. Сабаққа қатысқан ұстаздар: өнер пән мұғалімдері мен мектеп психологі Көмекпей А қатысты.

12.04.2023ж Байхажы Бауыржан дене шынықтыру пәнінен «Доппен жасалатын жаттығулар құрастыру» тақырыбында 4 «А» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақ жоғары деңгейде өткізілді. Уақытты тиімді пайдаланды. Сабаққа өнер пән бірлестігінің мұғалімдері қатысты.

13.04.2023ж Әлімжан Ерлан дене шынықтыру пәнінен «Тактикалық іс-әрекеттердің негіздері» тақырыбында 6 «Ә» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың дене шынықтыру сабағына деген қызығушылықтары артты, пән мұғалімі өз мақсатына толықтай жетті. Сабаққа өнер пән мұғалімдері толықтай қатысып, сабақ соңында сабақ талданып «Өте жақсы» деген баға қойылды.

14.04.2023ж Әлімжан Ерлан дене шынықтыру пәнінен «Влейбол. Шабуылдау тактикасы» тақырыбында 8-10 сыныптар арасында сыныптан тыс ашық сабақ өткізілді. Сабақ жөғары деңгейде өтті. Уақыт тиімді пайдаланылды. Әртүрлі әдіс тәсілдер қолданылды.Сабаққа Қанаева А.М және де өнер пән мұғалімдері толықтай қатысты.

12.04.2023ж Ходжаниязова Арзыгүл дене шынықтыру пәнінен «Баскетбол. Допты себетке салу» тақырыбында 6-7 сыныптар арасында сыныптан тыс ашық сабақ өткізді. Сабақ жоғары деңгейде өткізіліп, пән мұғалімі өз мақсатына жетті, уақытты тиімді пайдаланды, әртүрлі әдіс тәсілдер қолданылды. Сабаққа өнер пән мұғалімдер қатысып, пікірлерімен бөлісті.

13.04.2023ж Ходжаниязова Арзыгүл дене шынықтыру пәнінен «Жеке және командалық ойын әрекеттері» тақырыбында 5 «Б» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысы жоғары деңгейде өткізілді, әртүрлі әдіс тәсілдер қолданылып, оқушылардың дене шынықтыру сабағына деген қызығушылықтарын арттырды. Сабаққа өнер пән мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

20.04.2023ж Онкүндік іс-шараның жабылуына мұғалімдер арасында волейболдан мектепішілік жарыс ұйымдастырылды, 4 команда сайысып,  жеңімпаздар мақтау қағазымен және ақшалай жүлделермен марапатталды.